Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.04.2018 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" № 555 Жарлығына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау комиссиялары және өзін - өзі басқару органдарымен бірлесіп белгіленген және осы қаулыға қоса беріліп отырған "Ауыл әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілген үй - жайлар тізбесі" бекітілсін.
2. Сайлау комиссияларымен және жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен бірлесіп бөлінген үй - жайда кандидаттардың таңдаушылармен кездесу кестесін жасақтасын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы (Д.Есенова) осы қаулының интернет - ресурста жариялануын жүзеге асырсын.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Д. Есеноваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Трұмов |
Келісілді:
Жаңаөзен қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б.Базылов
04 шілде 2013 жыл
2013 жылғы 04 шілде № 336 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Ауыл әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілген үй - жайлар тізбесі
1. Жаңаөзен қаласы - қалалық оқушылар шығармашылық үйінің мәжіліс залы, "Мұнайшы" мәдениет сарайының концерт залы.
2. Теңге ауылы - № 17 орта мектептің мәжіліс залы.
3. Қызылсай ауылы - № 4 орта мектептің мәжіліс залы.
4. Рахат ауылы - № 21 орта мектептің мәжіліс залы.