Ауыл әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жай белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 336 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде № 2267 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.04.2018 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" № 555 Жарлығына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайлау комиссиялары және өзін - өзі басқару органдарымен бірлесіп белгіленген және осы қаулыға қоса беріліп отырған "Ауыл әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілген үй - жайлар тізбесі" бекітілсін.

      2. Сайлау комиссияларымен және жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен бірлесіп бөлінген үй - жайда кандидаттардың таңдаушылармен кездесу кестесін жасақтасын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы (Д.Есенова) осы қаулының интернет - ресурста жариялануын жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Д. Есеноваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

С. Трұмов


      Келісілді:

      Жаңаөзен қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Б.Базылов

      04 шілде 2013 жыл

  2013 жылғы 04 шілде № 336
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысына
қосымша

Ауыл әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілген үй - жайлар тізбесі

      1. Жаңаөзен қаласы - қалалық оқушылар шығармашылық үйінің мәжіліс залы, "Мұнайшы" мәдениет сарайының концерт залы.

      2. Теңге ауылы - № 17 орта мектептің мәжіліс залы.

      3. Қызылсай ауылы - № 4 орта мектептің мәжіліс залы.

      4. Рахат ауылы - № 21 орта мектептің мәжіліс залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады