Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 07.07.2016 № 220 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 31.03.2014 № 85 шешімімен.1. Маңғыстау ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектердің белгіленген квотаға сәйкес бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуы үшін жолдаманы қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
С.Н. Каимова
21 қаңтар 2013 ж.