Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ә.Төлемісов) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |
Маңғыстау ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы 07 шілдедегі | |
№ 220 қаулысына | |
қосымша |
Маңғыстау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулылардың тізбесі
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 10 "Маңғыстау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2215 болып тіркелген, 2013 жылы 13 ақпанда "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы;2. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 55 "Маңғыстау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2223 болып тіркелген, 2013 жылы 27 ақпанда "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы;
3. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 242 "Маңғыстау ауданының аумағында ауылдық округ және ауылдық округ құрамына кірмейтін ауыл әкімдерін сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шартық негізде үй-жайларды беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2274 болып тіркелген, 2013 жылы 24 шілдеде "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы;
4. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 243 "Маңғыстау ауданының аумағында ауылдық округ және ауылдық округ құрамына кірмейтін ауыл әкімдерін сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2272 болып тіркелген, 2013 жылы 24 шілдеде "Жаңа өмір" газетінде жарияланған ) қаулысы;
5. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 85 "Маңғыстау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы №10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2378 болып тіркелген, 2014 жылы 16 сәуірде "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы;
6. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 320 "Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №55 "Маңғыстау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2517 болып тіркелген, 2014 жылы 03 желтоқсанда "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы.