"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 мамырда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Бiлiм беру гранттарының иегерлерi, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм алуға, сондай-ақ, екiншi техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алу үшiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төлемдердiң өзге де түрлерiн алушылары болып табылатын мүгедектердi қоспағанда Қостанай облысының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының оқу орындарында техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм (бұдан әрi - бiлiм) алатын мүгедектер, оның iшiнде мүгедек балалар (бұдан әрi - мүгедектер) үшiн тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқытудың нақты құнының төлеммен 100 пайыз мөлшерiнде әлеуметтiк көмектiң (бұдан әрi - әлеуметтiк көмек) қосымша түрi белгiленсiн.";
2-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-1. Қосымша әлеуметтік көмекті алу үшін мүгедектер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;
3) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
4) мүгедектігі туралы анықтама;
5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
6) тиісті оқу орнымен берілген мынадай мәліметтері бар құжат:
тұтынушының бірінші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуы туралы;
білім беру грантының жоқтығы туралы;
оқу түрі туралы;
курсын және мамандықтың атауын көрсете отырып, оқу орны туралы;
тиісті оқу жылына оқу төлемінің мөлшері туралы;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұтынушыға төлемдердің өзге түрлерінің жоқтығын растайтын, тұтынушының тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен берілген құжат;
8) тұтынушының банктік шотының болуын растайтын құжат;
9) тұтынушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде:
заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
заңды өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат қоса беріледі;
10) егер мүгедекпен әлеуметтік көмек тағайындалуына өтініш жасағанға дейін оқуға төлем ішінара немесе толық өзінің қаражатынан жасалса, тиісті оқу орнынан жүргізілген төлемді растайтын құжат ұсынылады.
Салыстыру үшін құжаттар көшірмелері мен түпнұсқаларда ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
ММ басшысы
_____________________ Е. Жаулыбаев