Мәслихаттың 2012 жылғы 14 ақпандағы № 15 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 131 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 сәуірде № 4100 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2013 жылғы 7 қазандағы № 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 07.10.2013 № 173 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" мәслихаттың 2012 жылғы 14 ақпандағы № 15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-185 тіркелген, 2012 жылдың 20 наурызында "Қостанай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, қаржылық жыл ағымында бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 9), 10) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, сондай-ақ, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырында дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз әскери қызметі және жанкешті еңбегі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Сессия төрағасы, № 17 сайлау
      округі бойынша депутаты                    А. Абрамян

      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы      Н. Халықов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ В. Константинов

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ Р. Айтқожинова

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Н. Дорошок

О внесении изменений в решение маслихата от 14 февраля 2012 года № 15 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Решение маслихата города Костаная Костанайской области от 5 апреля 2013 года № 131. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 18 апреля 2013 года № 4100. Утратило силу - Решением маслихата города Костаная Костанайской области от 7 октября 2013 года № 173

      Сноска. Утратило силу - Решением маслихата города Костаная Костанайской области от 07.10.2013 № 173.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" от 14 февраля 2012 года № 15 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9-1-185, опубликованное 20 марта 2012 года в газете "Костанай") следующие изменения:
      подпункты 1), 2), 3) пункта 1 указанного решения изложить в новой редакции:
      "1) участникам, инвалидам Великой Отечественной войны, ежемесячно, в размере 6 месячных расчетных показателей;
      2) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны, другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, ежемесячно, в размере 3 месячных расчетных показателей;
      3) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, без учета доходов, на дополнительное питание, один раз в течение финансового года, в размере 15 месячных расчетных показателей;";
      подпункты 9), 10) пункта 1 указанного решения изложить в новой редакции:
      "9) участникам, инвалидам Великой Отечественной войны ко Дню победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 25 месячных расчетных показателей;
      10) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны, другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей.";
      в приложении к указанному решению:
      подпункт 3) пункта 1 исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 1 мая 2013 года.

      Председатель сессии, депутат
      по избирательному округу № 17              А. Абрамян

      Секретарь Костанайского
      городского маслихата                       Н. Халыков

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ акимата
      города Костаная"
      __________ В. Константинов

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел финансов
      акимата города Костаная"
      __________ Р. Айткужинова

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел экономики
      и бюджетного планирования
      акимата города Костаная"
      ______________ Н. Дорошок