Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012 жылғы 14 ақпандағы № 15 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 наурызда № 9-1-185 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2013 жылғы 7 қазандағы № 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 07.10.2013 № 173 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, қаржылық жыл ағымында бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша емделуге және қаралуға, қаржылық жыл ағымында бір рет, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – күнкөріс деңгейі) төмен табысы бар тұлғаларға (отбасыларға), қаржылық жыл ағымында бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) ай сайынғы табысы ең төменгі зейнетақы мөлшеріндегі, жалғыз басты тұратын зейнеткерлерге, қаржылық жыл ағымында бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мемлекеттік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа табыстары жоқ жалғыз басты тұратын мүгедектерге, қаржылық жыл ағымында бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар көп балалы отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, сондай-ақ, табыстарын есепке алмай, 1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан жастарға күндізгі оқыту нысанындағы, техникалық және кәсіби білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді алуға байланысты шығындарын өтеуге, қаржылық жыл ағымында екі үлеспен аударылатын жылдық оқу құнының мөлшерінде;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, сондай-ақ, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырында дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз әскери қызметі және жанкешті еңбегі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 05.04.2013 № 131 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.05.2013 бастап туындаған қатынастарға таратады).
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, № 8 сайлау
      округі бойынша депутаты                    Н. Шонов

      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Халықов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ В. Рубинский

      "Қостанай қаласы
      әкімдігінің қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Р. Айтқожинова

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ Н. Дорошок
 

Мәслихаттың       
2012 жылғы 14 ақпандағы 
№ 15 шешіміне қосымша  

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

      1. Міндетті құжаттар болып саналады:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған тұтынушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 05.04.2013 № 131 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.05.2013 бастап туындаған қатынастарға таратады).;
      4) тұтынушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) тұтынушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) тұтынушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар болып саналады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат, егер бұл азамат уәкілетті органының есебінде тұрмайтын болса;
      2) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68-баптарына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілетін тұлғаларға:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат, егер бұл азамат уәкілетті органының есебінде тұрмайтын болса;
      3) мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан аурудың емделуде болғанын растайтын анықтама;
      4) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша емделуге және қаралуға:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      емделу, тексерілу қажеттілігі жөнінде медициналық ұйымның қорытындысы;
      емделу және тексерілу құнын растайтын құжат;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар тұлғаларға (отбасыларға):
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұтынушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      6) ай сайынғы табысы ең төменгі зейнетақы мөлшеріндегі, жалғыз басты тұратын зейнеткерлерге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұтынушының табыстары туралы мәліметтер;
      7) мемлекеттік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа табыстары жоқ жалғыз басты мүгедектерге:
      тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұтынушының табыстары туралы мәліметтер;
      8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар көп балалы отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, сондай-ақ, табыстарын есепке алмай, 1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан жастарға күндізгі оқыту нысанындағы, техникалық және кәсіби білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді алуға байланысты шығындарын өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұтынушының (отбасының) соңғы 12 айдың табыстары туралы мәліметтер;
      1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан жастарға тұтынушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      оқу орнын және оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін растайтын, тиісті білім ұйымынан берілген құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар мен көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады