Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 07.10.2013 № 173 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" мәслихаттың 2012 жылғы 14 ақпандағы № 15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-185 тіркелген, 2012 жылдың 20 наурызында "Қостанай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ай сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, қаржылық жыл ағымында бір рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 9), 10) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына, сондай-ақ, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырында дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз әскери қызметі және жанкешті еңбегі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Сессия төрағасы, № 17 сайлау
округі бойынша депутаты А. Абрамян
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Н. Халықов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ В. Константинов
"Қостанай қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________ Р. Айтқожинова
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Н. Дорошок