Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 02.09.2013 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек:
1) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, қосымша тамақтануға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын, ерлі-зайыптыларды жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, 7 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
5) барлық санаттағы мүгедектерге, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) барлық санаттағы мүгедектерге оңалту орталықтарына олардың жол жүруімен және кері қайтуына байланысты шығындарды өтеу үшін көрсетілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.04.2013 № 107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін.
3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі анықталсын.
4. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 7 қазандағы № 458 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-189 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда № 43 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы,
қалалық мәслихатының хатшысы Г. Жарылқасымова
КЕЛІСІЛДІ:
"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Г. Бермухамбетова
Мәслихаттың
2013 жылғы 15 наурыздағы
№ 102 шешіміне қосымша
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек алу үшін қажетті
құжаттардың тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.04.2013 № 107 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Міндетті құжаттар:
1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
4) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат болып табылады;
5) алушының заңды өкілі өтініш берген кезінде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжаты қоса беріледі.
2. Қосымша құжаттар:
1) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғалар үшін қосымша тамақтануға:
мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан аурудың емделуде болғанын растайтын анықтама;
2) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
оқу орнын және оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін растайтын, тиісті білім ұйымымен берілген құжат;
оқу төлемін растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін ұсынылады;
3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын, ерлі-зайыптыларды жерлеуге, қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғалардың (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
қайтыс болуы туралы куәлік;
туыстық қатынастарды растайтын құжат;
ерлі-зайыптылар қатынастарын растайтын құжат (қайтыс болған күні жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған, ерлі-зайыптыларды жерлеуге);
4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, тұрмыстық қажеттіліктерге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
5) барлық санаттағы мүгедектерге жедел емделуге:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
емделудің құнын растайтын құжат;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшін, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
8) барлық санаттағы мүгедектерге оңалту орталықтарына жол жүруге және кері қайтуына байланысты шығындарды өтеу үшін:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
жол жүру құнын растайтын құжат;
оңалту орталығында болуын растайтын құжат;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары үшін, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат болып табылады.
3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар мен көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.