Мәслихаттың 2013 жылғы 15 наурыздағы № 102 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 107 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 сәуірде № 4109 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 145 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 02.09.2013 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған  күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2013 жылғы 15 наурыздағы № 102 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 тіркелген, 2013 жылғы 11 сәуірде "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшін, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;".
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІХ сессияның
      төрайымы                                   С. Шанина

      Қалалық
      мәслихаттың хатшысы                        Г. Жарылқасымова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Бермухамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады