Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 24.04.2014 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру азаматтық қызметшілеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 42 "Красногор селосындағы білім беру азаматтық қызметшілеріне жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-103 тіркелген, 2008 жылғы 24 қаңтарда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған);
2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 143 "Красногор селосындағы білім беру азаматтық қызметшілеріне жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 42 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-130 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтарда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрайымы,
қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова
КЕЛІСІЛДІ:
"Лисаков қаласы
әкімдігінің экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
____________ Н. Турлубекова