Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 02.10.2013 № 106 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 258 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-142 тіркелген, 2011 жылғы 6 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 5), 6), 7), 9), 10) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
осы шешімнің қосымшасындағы 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесінші
сессияның төрайымы А. Кеңесбаева
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ Дангилов С.С.