Мәслихаттың 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 258 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 65 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 наурызда № 4061 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 2 қазандағы № 106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 02.10.2013 № 106 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 258 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-142 тіркелген, 2011 жылғы 6 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 5), 6), 7), 9), 10) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
      осы шешімнің қосымшасындағы 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесінші
      сессияның төрайымы                         А. Кеңесбаева

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ Дангилов С.С.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады