Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 желтоқсанда № 4368 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 26.01.2016 № 26 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 03.03.2014 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына238-бабының 3-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 03.03.2014 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Жаманов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ___________ А. Мұрзабаев

Денисов ауданы әкімдігінің 
2013 жылғы 25 қарашадағы  
№ 351 қаулысына      
қосымша           

Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 03.03.2014 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) басшы;
      2) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің (орталығы) меңгерушісі;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      4) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      5) жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
      2) мектеп, мектеп-интернат директоры, интернат меңгерушісі;
      3) дене тәрбиесінің жетекшісі;
      4) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
      5) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары;
      6) әлеуметтік педагог;
      7) педагог-ұйымдастырушы;
      8) қосымша білім беру педагогы;
      9) педагог-психолог;
      10) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      11) музыкалық жетекші;
      12) аға вожатый;
      13) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы;
      14) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі;
      15) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі;
      16) зертхана, кабинет меңгерушісі;
      17) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      18) мәдени ұйымдастырушы;
      19) әдіскер;
      20) медициналық бике;
      21) емдәм бике;
      22) кітапханашы;
      23) кітапхана меңгерушісі;
      24) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушысы.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) басшы, директор;
      2) басшының, директордың орынбасары;
      3) көркемдік жетекші;
      4) музыкалық жетекші;
      5) аккомпаниатор;
      6) барлық атаудағы суретші;
      7) жабдықтарды (жарықты, жобалаушы, аудио-бейне) пайдалану жөніндегі техник (оператор);
      8) кітапханашы, библиограф;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) ұжым (үйірме) жетекшісі;
      11) әдіскер.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) басшы;
      2) басшының орынбасары;
      3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдіскер;
      4) әдіскер;
      5) жаттықтырушы.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) эпизоотолог;
      2) ветеринарлық дәрігер;
      3) ветеринарлық фельдшер.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление акимата Денисовского района Костанайской области от 25 ноября 2013 года № 351. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 25 декабря 2013 года № 4368. Утратило силу постановлением акимата Денисовского района Костанайской области от 26 января 2016 года № 26

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Денисовского района Костанайской области от 26.01.2016 № 26 (вводится в действие со дня подписания).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Денисовского района Костанайской области от 03.03.2014 № 41 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 18, пунктом 3 статьи 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, акимат Денисовского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложению.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Денисовского района Костанайской области от 03.03.2014 № 41 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Денисовского района Подело Е.Н.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Е. Жаманов

      СОГЛАСОВАНО:

      Секретарь Денисовского
      районного маслихата
      ___________ А. Мурзабаев

Приложение к постановлению  
акимата Денисовского района 
от 25 ноября 2013 года    
№ 351            

Перечень должностей специалистов в области
социального обеспечения, образования, культуры, спорта
и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими
и работающих в сельской местности

      Сноска. Приложение в редакции постановления Денисовского района Костанайской области от 03.03.2014 № 41 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Должности специалистов социального обеспечения:
      1) руководитель;
      2) заведующий отделением (центром) социальной помощи на дому;
      3) специалист по социальной работе;
      4) социальный работник по уходу;
      5) специалист центра занятости.
      2. Должности специалистов образования:
      1) учителя всех специальностей организаций образования;
      2) директор школы, школы-интерната, заведующий интернатом;
      3) руководитель физического воспитания;
      4) заведующий дошкольной организацией;
      5) заместитель директора по учебной, учебно-производственной, учебно-воспитательной, воспитательной работе общеобразовательных школ, школ-интернатов и других организаций начального, основного среднего, общего среднего, дополнительного образования;
      6) социальный педагог;
      7) педагог-организатор;
      8) педагог дополнительного образования;
      9) педагог-психолог;
      10) старший воспитатель, воспитатель;
      11) музыкальный руководитель;
      12) старший вожатый;
      13) инструктор по физической культуре;
      14) заведующий психолого-медико-педагогической консультацией;
      15) заведующий учебно-производственной (учебной) мастерской;
      16) заведующий лабораторией, кабинетом;
      17) инструктор по труду;
      18) культорганизатор;
      19) методист;
      20) медицинская сестра;
      21) диетическая сестра;
      22) библиотекарь;
      23) заведующий библиотекой;
      24) преподаватель-организатор по начальной военной подготовке.
      3. Должности специалистов культуры:
      1) руководитель, директор;
      2) заместитель руководителя, директора;
      3) руководитель художественный;
      4) руководитель музыкальный;
      5) аккомпаниатор;
      6) художники всех наименований;
      7) техник (оператор) по эксплуатации оборудования (светового, проекционного, аудио-видео);
      8) библиотекарь, библиограф;
      9) культорганизатор;
      10) руководитель коллектива (кружка);
      11) методист.
      4. Должности специалистов спорта:
      1) руководитель;
      2) заместитель руководителя;
      3) инструктор, инструктор-методист;
      4) методист;
      5) тренер.
      5. Должности специалистов ветеринарии:
      1) эпизоотолог;
      2) ветеринарный врач;
      3) ветеринарный фельдшер.