"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 770 "2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген, 2013 жылғы 25 қаңтарда "Айна" газетінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Т. Сұлтановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Исмағұлов