2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 770 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қаңтарда № 3996 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 26.09.2013 № 310 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтары осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 Ф. Филиппов

Әкімдіктің       
2012 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 770 қаулысына  
қосымша        

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтары

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартуына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      13. Ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (он екі және одан да көп ай).
      14. Техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      15. Елу жастан асқан адамдар.
      16. Алған мамандығы бойынша тәжірибесі және еңбек өтілі жоқ еңбекпен қамтылмаған жастар.
      17. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
      18. Тиісті жұмысы жоқ, "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады