Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 16.02.2018 № 142 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыпта, 1-тармақта және қосымшада "ставкалары", "ставкалардың" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелердің" деген сөздермен ауыстырылды – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 24.02.2017 № 75 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес қызметін Сарыкөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Мәслихаттың 2009 жылғы 30 маусымдағы № 134 "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған біржолғы талондар құнының және салық салу объектінің бірлігіне тіркелген салық ставкалардың мөлшері туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-78 тіркелген, 2009 жылғы 6 тамыздағы "Сарыкөл" газетінде жарияланған);
2) Мәслихаттың 2011 жылғы 22 ақпандағы № 231 "Мәслихаттың 2009 жылғы 30 маусымдағы № 134 "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған біржолғы талондар құнының және салық салу объектінің бірлігіне тіркелген салық ставкалардың мөлшері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-110 тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі "Сарыкөл" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы | Б. Шоқаева |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Қарашолақов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы бойынша
Салық департаментінің
Сарыкөл ауданы бойынша
Салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Қ. Өтебай
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 мамырдағы № 86 шешіміне қосымша |
Сарыкөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне мөлшерлемелердің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге | 1 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың | 1 |
3. |
Ойын өткізу үшін | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |