Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 20.05.2013 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына,Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған біржолғы талондар құнының және салық салу объектінің бірлігіне тіркелген салық ставкалардың мөлшері туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 30 маусымдағы № 134 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-17-78 нөмірімен тіркелген,2009 жылғы 6 тамыздағы аудандық "Сарыкөл" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің 1-тармағындағы және 1 қосымшасындағы "жеке тұлғаларға" сөздері "Қазақстан Республикасының азаматтары,оралмандар" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның
төрайымы Р. Сейтқожина
Аудандық мәслихатының
хатшысы У. Айғұлақов
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы бойынша
салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________ Ғ. Шохметов