Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған біржолғы талондар құнының және салық салу объектінің бірлігіне тіркелген салық ставкалардың мөлшері туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 30 маусымдағы № 134 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 шілдеде № 9-17-78 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 мамырдағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 20.05.2013 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және салық басқармасымен жүргізілген хронометрлік бақылау және тексерудің ортакүндік деректері негізінде, аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. 1 қосымшаға келісе базарларда ара-тұра сипаттағы (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандарға арналған біржолғы талондардың құны белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011.02.22 № 231 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. 2 қосымшаға келісе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері арналған салық салу объектінің бірлігіне тіркелген бірыңғай салық ставкалары белгіленсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның
      төрағасы                                   С. Аникин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    У. Айғұлақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы бойынша
      салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________ Ғ. Қ. Шохметов

Мәслихаттың       
2009 жылғы 30 маусымдағы 
№ 134 шешіміне 1 қосымша 

Ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының азаматтары,оралмандарға
арналған біржолғы талондардың құны

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011.02.22 № 231 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Қызмет түрі

Бір рет берілетін
талонның 1 күнге
арналған құны
(теңгемен)

1. Газеттер және журналдар сату
(стационарлық үй-жайда жүзеге
асырылатын қызметтерді қоспағанда)

100

2. Жер учаскерлік өндеу бойынша
жеке тракторлар иелерінің қызметі

200

3. Үй кұсы мен мал бағу

1

Мәслихаттың       
2009 жылғы 30 маусымдағы 
№ 134 шешіміне 2 қосымша 

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері арналған
салық салу объектінің бірлігіне тіркелген
бірыңғай салық ставкалары

Қызмет түрі

АЕК* салықтың айлық мөлшері

Бильярд үстелі

3

*АЕК – айлық есептік көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады