Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 04.06.2015 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-67 тіркелген, 2008 жылғы 29 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
1-тармақ келесі мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) жұмыспен қамту орталығының басшысы;
7) жұмыспен қамту орталығының маманы.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Таран ауданының әкімі Б. Өтеулин
КЕЛІСІЛДІ:
Таран аудандық
мәслихатының хатшысы
_______________ С. Жолдыбаев
"Таран ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі" ММ
басшысының міндетін атқарушы
_______________ Т. Кузьмина
"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ басшысы
_______________ Л. Өтешева