Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 162 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 5712 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № 21 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасы238-бабы, 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, аудандық бюджет қаражатының есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Таран ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ

      Таран аудандық мәслихатының хатшысы
      _________________ С. Жолдыбаев

Таран ауданы әкімдігінің 
2015 жылғы 4 маусымдағы 
№ 162 қаулысына     
1 қосымша        

Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының
тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
      4) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
      5) жұмыспен қамту орталығының маманы;
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) жалпы білім беретін мектептер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
      2) жалпы білім беретін мектептер директоры, қазыналық кәсіпорының басшысы, интернат меңгерушісі;
      3) жалпы білім беретін мектептер директорларының оқу, тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары;
      4) оқыту – әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;
      5) әлеуметтік педагог;
      6) қосымша білім педагогі;
      7) педагог-психолог;
      8) тәрбиеші;
      9) балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;
      10) аға жетекші;
      11) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
      12) әдістемеші;
      13) медициналық бике;
      14) кітапханашы;
      15) кітапхана меңгерушісі;
      16) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы - ұйымдастырушысы;
      17) логопед;
      18) емдәм бике;
      19) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы;
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мәдение мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      2) көркемдік жетекші;
      3) клуб меңгерушісі;
      4) музыкалық жетекшісі;
      5) суретші;
      6) хореограф;
      7) кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы;
      8) үйірме басшысы;
      9) режиссер;
      10) аккомпаниатор;
      11) мәдени ұйымдастырушы;
      12) аға кітапханашы, кітапханашы;
      13) библиограф;
      14) мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторы;
      15) әдістемеші, аға әдістемеші;
      16) тілдерді оқыту орталығының мұғалімі;
      4. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрігер;
      2) ветеринарлық фельдшер.
      5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
      2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      3) әдістемеші;
      4) медициналық бике;
      5) жаттықтырушы.

Таран ауданы әкімдігінің 
2015 жылғы 4 маусымдағы  
№ 162 қаулысына     
2 қосымша        

Таран ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулылардың тізімі

      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлаған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-67 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған);
      2. аудан әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 239 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-120 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған);
      3. аудан әкімдігінің 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 137 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4129 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған);
      4. аудан әкімдігінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі № 355 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4237 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 қазанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған);
      5. аудан әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 315 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5154 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады