"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына және 8, 9-тармақтарына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары 2013 жылы ұсынылсын.
2. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VII
сессияның төрағасы В. Пашков
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов
КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ В. Гринак