Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2013 жылы ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 122 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 мамырда № 4124 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына және 89-тармақтарына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары 2013 жылы ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VII
      сессияның төрағасы                         В. Пашков

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Федоров ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________________ В. Гринак

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады