Ескерту. Жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 30.07.2013 N 169/22 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары 10 (он) есе ұлғайтылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. Тілегенов
Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов