Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі N 148/19 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 мамырда N 3544 болып тіркелді. Жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 шілдедегі N 169/22 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 30.07.2013 N 169/22 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары 10 (он) есе ұлғайтылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Тілегенов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады