Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.06.2017 № 167/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 542–IV Заңымен Қазақстан Республикасының "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына енгізілген өзгерістерге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін ұсыну қағидасын" бекіту туралы" N 2314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 1316 қаулысына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 26/23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-1-156 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырдағы N 20 "Шаһар" газетінде және 2010 жылғы 17 мамырдағы N 19, 2010 жылғы 24 мамырдағы N 20 "Версия" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы 1, 2, 13, 24 тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Тұрғын үй көмегі – бұл Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үйде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражатынан мемлекетпен ұсынылатын төлемдер, төлем енгізуге:
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қолданады.";
"2. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
"13. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Бөлімге өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:
1) тұрғын үйдің меншік иесімен (жалдаушымен) бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелері;
2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
3) Өтініш берушінің Павлодар қаласының аумағында тіркелімін растайтын құжат;
4) отбасы табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органы айқындайды;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар (тұрғын үй көмегін аудару үшін қызмет түрін таңдау өтініш берушінің қаруына байланысты жүзеге асырылады);
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоты немесе телекоммуникацияның байланыс қызметін көрсету шартының көшірмесі;
8) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеу мөлшері туралы жергілікті атқарушы орган ұсынған шот;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнымен түбіртек-шоты.
Құжаттардың тұпнұсқалары ақпарат үшін ұсынылады және өтініш иесіне қайтарылады.";
"24. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
12-тармақтың екінші тармақшасының үшінші абзацындағы "10" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық | |
мәслихаттың хатшысы | М. Желнов |