"Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 26/23 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 мамырда N 12-1-156 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 167/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.06.2017 № 167/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін ұсыну қағидасын" бекіту туралы" N 2314 қаулысына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар қаласы аумағында орналасқан тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бұдан әрі - Қағида бекітілсін.

      2. Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы "Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 148/7 (4-сайланған 7-кезекті сессия), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-124 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 тамыздағы "Сарыарқа Самалы" N 95 және 2008 жылғы 25 тамыздағы, 2008 жылғы 1 қыркүйектегі "Версия" N 34, 35 газеттерінде жарияланған);

      2008 жылғы 23 желтоқсандағы "Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы "Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 148/7 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" N 214/11 (4-сайланған 11-кезекті сессия), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-131 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 қаңтардағы "Сарыарқа Самалы" N 13 және 2009 жылғы 2 ақпандағы "Версия" N 4 газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына және тексеру комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Мирошниченко
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов

  Павлодар қалалық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы
N 26/23 шешімімен
бекітілді

Павлодар қаласы аумағында тұрғын үй көмегін ұсыну қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін ұсыну қағидасын бекіту туралы" N 2314 қаулыларына сәйкес жасалды және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін белгілеудің тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі – бұл Павлодар қаласының аумағында орналасқан, осы тұрғын үйде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекетпен ұсынылатын төлемдер:

      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 24.02.2014 N 238/32 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1-1. Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес, тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.

      Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2012.09.14 N 63/10 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 24.02.2014 N 238/32 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2012.09.14 N 63/10 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Отбасы (тұлға) табысының жиынтығы – тұрғын үй көмегін алуға жүгінгенге дейінгі тоқсандық отбасының табыстарының жалпы сомасы.

      5. Кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 24.02.2014 N 238/32 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегінің тағайындалуын жүзеге асыратын, "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім).

      7. Коммуналдық қызметтер – сумен жабдықтау, канализацияны, газбен жабдықтау, электр жабдықтау, жылу жабдықтау, қоқыс шығару, лифтердің қызмет етуі және тұрғын үйді ұстау қызметтері кіретін тұрғын үйде (кісі тұратын ғимаратта) ұсынылатын қызметтер.

      8. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар.

      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2012.09.14 N 63/10 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Тұрғын үйді күтуге әлеуметтік шығындар мөлшері (бұдан әрі ӘМШ) – өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін (мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлген кезде қолданылатын тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы) тұрғын үй алаңының нормасы және Павлодар қаласында өтініш берудің өткен тоқсаны, осы тоқсаны үшін коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысының шығындары.

      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау аумақтық монополияға қарсы органдар тәртібімен бекітілген, қала тұрғындарының коммуналдық қызметін берушілермен келісілген осы қызмет түріне тарифтер негізінде жүргізіледі.

      ӘМШ үстінен тұрғын үйді күту және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемін өтініш беруші жалпы негізде жүргізеді.

      Нормативті аудан келесідей қабылданады: жалғыз тұратын азаматтар үшін - 30 шаршы метр (тұрғын үйдің жалпы ауданы), бірақ бір бөлмелі пәтер ауданынан кем емес;

      2 және оданда көп кісілі отбасылар үшін – бір адамға 18 шаршы метр (тұрғын үйдің жалпы ауданы), бірақ бір бөлмелі пәтер ауданынан кем емес.

      Электр энергиясын пайдалану нормалары электр плиталарды пайдаланатын тұтынушылар үшін бір адамға айына – 110 киловатт; - электр плиталарды пайдаланбайтын тұтынушылар үшін бір адамға айына – 90 киловатт мөлшерде белгіленеді.

      Газдың пайдалану нормаларын бір адамға жеті килограмм болып белгіленеді.

      10. Өтініш беруші – тұрғын үй иесі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйді (пәтер) жалдаушы (жалға алушы), осы тұрғын үйде тіркелген отбасының атынан тұрғын үй көмегінің тағайындауына өтініш беруші.

      Тұрғын үйде бірнеше меншік иесі тұрған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін есепке ала отырып, ұсынылған алғашқы өтініш бойынша бір ғана тұлғаға жүргізіледі.

      Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтінішті қабылдау тоқсанның соңғы айының 15 дейін жүргізіледі.

      11. Өтініш берушінің тұрғын үй көмегін алу құқығына ықпал ететін өзгерістер пайда болса, және өтініш болмаған жағдайда өзгерістер пайда болған күннен бастап 10 күн ішінде артық төленген сома ерікті тәртіпте, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
ережесі мен тәртібін анықтау

      12. Күрделі жөндеуді өткізу үшін және (немесе) күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасына, коммуналдық қызметті тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсу бөлігінде байланыс қызметіне, жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдеріне құқық, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысының шығындары осы мақсатқа жіберілген шығындардың үлесі шегінен асқан жағдайда пайда болады.

      Тұрғын үй көмегіне тағайындау құқығы бар тұлғалар санаттары:

      1) зейнеткерлердің, мүгедектердің, 18 жасқа дейінгі балалардың; жұмыс істейтін тұлғалардың;

      2) 1,5 айдан артық жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмысқа жарамды тұлғалардың; жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарында тіркеуде жоқ, зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыс істемейтін тұлғалардың (еркектер 58 жастан, әйелдер 53 жастан); 1,5 айдан артық стационарлық және амбулаториялық емделуде жүрген, жұмысқа жарамды жастағы азаматтардың; туберкулезбен, онкологиялық, АҚТК және ЖҚТБ ауруымен ауыратын аурулардың; күндізгі оқу орындарында, сонымен қоса магистратура және аспирантурада оқитын оқушылар мен студенттердің, тыңдаушылар мен курсанттардың, сонымен қатар 1 және 2 топтағы мүгедектердің, 80 жастан асқан тұлғалардың, 7 жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтардың; жүктілігі бойынша жұмыспен қамтудың уәкілетті органында есептен алынған жүкті әйелдердің; 18 жасқа дейінгі мүгедек–балаларды күтумен айналысатын азаматтардың құқығы бар.

      Тұрғын үйді пайдалану үшін жалдау ақысын, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсу бөлігінде байланыс қызметін, коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін төлеуге рұқсат етілген шектік шығын үлесі, тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығы бар отбасының (тұлға) табыс жиынтығының 7 % мөлшерінде белгіленеді.

      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасына және (немесе) күрделі жөндеуді өткізу үшін төлеуге рұқсат етілген шектік шығын үлесі, тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығы бар отбасының (тұлға) табыс жиынтығының 7 % мөлшерінде белгіленеді.

      Күрделі жөндеуге жұмсалған шығындардың мақсатты және ай сайынғы қаражат жарнасының кондоминимум объектісінің ортақ мүлкінің күрделі жөндеуіне жұмсалған өтемақы және (немесе) күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасының мөлшері туралы шоттың нақты шығын сомасына Павлодар қаласында нақты тіркелу мекен-жайы бойынша тұрғын үйдің меншік иесінің құқығы есебінсіз тұрғын үй көмегіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің құқығы бар.

      Балалар үйінде немесе панаханада тұратын және тұрғын үйдің иесі болып табылатын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға күрделі жөндеу жасау үшін өтемақы осы жөндеу түріне жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерінде (пәтерді тексеру актісі кезінде баланың тұратындығын растайтын мемлекеттік мекеменің қолдау хаты бойынша осы пәтер жалға берілмейді (жалдаушының) төленеді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.11.09 N 73/27 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2013 N 157/20 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат):

      "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - ХҚО) өтініш береді және келесі құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) отбасы табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасының азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      3) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      4) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      5) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байлыныс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      6) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Құжаттардың тұпнұсқалары ақпарат үшін ұсынылады және өтініш иесіне қайтарылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 02.07.2014 N 281/39 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Күрделі жөндеу жасаудың әрбір түрін төлеуіне тұрғын үй көмегі ағымдағы қаржы жылында бір реттен артық тағайындалмайды.

      15. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде:

      нақты есептелген коммуналдық қызметтердің сомасы ӘМШ бойынша қайта есептелмейді;

      суды пайдаланудың жекеше есептеу шоттары бойынша есептелген коммуналдық қызметтердің сомасы осы қызмет түрі бойынша (ӘМШ) белгіленген пайдалану нормаларынан аспауы керек.

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау тұрғын үйде тұратын отбасы мүшелерінің санын ескере отырып коммуналдық қызметтерді және тұрғын үйді күтуге кететін шығындарды есептеудің бекітілген тәртібі бойынша жүргізіледі.

      17. Тұрғын үй көмегін алуға және күрделі жөндеу жасауға шығындардың өтемақысын анықтау кезінде меншік иесінің отбасы құрамы (жалдаушының), осы тұрғын үй көмегін тағайындау және күрделі жөндеу жасауға жіберілген шығындардың өтемақысы Қағида талаптарына сәйкес анықталады.

      18. Кейбір коммуналдық қызметтеріне есептеу жүргізілгенде осы мекенжай бойынша тұрғын үйде тұратын тұлғалардың саны нақты тұрғын үйде тіркелген тұлғалардың санымен сәйкес келмеген жағдайда отбасы тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығын жоғалтады.

      19. Жеке меншігінде тұрғын үйінің бір бірлігі бар (пәтер, үй) отбасылар (азаматтар) немесе жалға берушілер (жалға беру), тұрғын үй көмегін алуға құқығын жоғалтады.

      20. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсандағы коммуналдық қызметті және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне қатысты байланыс қызметін тұтыну төлемақысы бойынша шығындардың жартылай орнын толтыру үшін, жалға алынған тұрғын үй үшін жалдық төлеуге жұмсалатын табысы мен шығыны бойынша ағымдағы тоқсанда тапсырған құжаттардың уақытына байланыссыз бір тоқсандық мерзімге тағайындалады. Отбасының жиынтық табысы жоқ болған жағдайда тұрғын үй көмегі отбасының жұмысқа жарамды әр мүшесіне күнкөріс минимумынан есептеледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.11.09 N 73/27 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      21. Коммуналдық қызмет төлеуіне тұрғын үй көмегін есептеген кезде келесі жағдайларда: отбасының жиынтық үлесінің -20,0-ден 0,0-ге дейін жоғарылағанда; берілген мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар санының сәйкес келмеуі кезінде айына бір айлық есептік көрсеткіші көлемінде коммуналдық қызметтерді тұтыну бойынша төлемдерге ағымдағы қаржы жылында бір реттен көп емес тұрғын үй көмегі тағайындалады.

      22. Коммуналдық қызметті тұтыну үшін тұрғын үй көмегіне құқығы бар, отбасы табысы күнкөріс минимумынан төмен ауданы 18 шаршы метрден кем тұлғаларға тұрғын үй көмегін тағайындау жылу жағу мерзімінде нақты шығындарына және берілген аумақта тұратындар санына қарамастан ай сайын бір айлық есеп көрсеткішінен кем емес мөлшерде жүргізіледі.

      23. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілу өтемақысы Қағидасына сәйкес, телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілу өтемақысын есептеу арқылы жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу мөлшері және тәртібі

      24. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 24.02.2014 N 238/32 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      25. Тұрғын-үй көмегінің мөлшері күрделі жөндеуді өткізу үшін және (немесе) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға шығындары, коммуналдық қызметті тұтынуға, байланыс саласында заңнамаға сәйкес телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне байланыс қызметін, жалға алынған тұрғын үй үшін жалға алу төлемін нақты есептелген төлеу сомасынан асыра алмайды.

      Ескерту. 25 тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2012.09.14 N 63/10 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      26. Коммуналдық қызметті төлеу үшін тұрғын үй көмегінің бір айлық төменгі мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішінен кем болуы мүмкін емес.

      27. Коммуналдық қызметті тұтынуға және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне байланыс қызметін, жалға алынған тұрғын үй үшін жалға төленетін төлеміне тұрғын үй көмегі екінші деңгейлі банктері арқылы ақша қаражаттарын қызмет жабдықтаушының шотына есептеу түрінде ұсынылады.

      Күрделі жөндеуді өткізу үшін және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасы төлемдеріне тұрғын үй көмегі өтініш берушінің жеке шотына екінші деңгейлі банктер арқылы ақша қаражаттарын есептеу түрінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27 тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2012.09.14 N 63/10 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      28. Өтініш берушінің құжаттар пакетіне байланысты тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы, өтініш беруші себебі көрсетілумен жазбаша түрде хабардар болады.

4. Есеп және есептілік

      29. Өтініштердің, тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы хабарламалардың үлгісі бөліммен әзірленеді.

      30. Күрделі жөндеуді өткізу үшін және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасына, коммуналдық қызметті тұтынуға, байланыс саласында заңнамаға сәйкес телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне қатысты байланыс қызметін, жалға алынған тұрғын үй үшін жалға алу төлемі бойынша тұрғын үй көмегін көрсетуге жұмсалатын қаражаттың есебі және есептілігі Бөліммен жүзеге асырады.

      31. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін ұсынуға негіз болатын құжаттар қолданыстағы заңнамада бекітілген мерзімге дейін Бөлімде сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады