Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 05.03.2014 N 1-19/43 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11 - бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған ХІІІ кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 4/13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3460 тіркелген, 2013 жылғы 07 наурыздағы "Аққу үні" - "Вести Акку" N 10 газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
6) тармақшасында келесі мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"арбадағы мүгедек;";
2-тармақта:
2) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2) табысты ескермей:
біржолғы материалдық көмек:
1) тармақшада көрсетілген санаттарға жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
пәтерлеріне ағымды жөндеу жасау 30000 теңге көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
айдың 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;
біржолғы материалдық көмек:
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға:
жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
әр айдын 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін (Ауған соғысының қатысушылары мен Чернобыль атом электростанциясына қатысушыларынан басқалары) 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
тоқсан сайынғы материалдық көмек:
есептік тоқсанның 5-не дейін Ауған соғысының қатысушыларына және Чернобыль атом электростанциясына қатысушыларына тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
біржолғы материалдық көмек:
4) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға (тек қана ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға) электрлі қуатты пеш орнату үшін нақты көлемі бойынша;
5) тармақшада көрсетілген санаттарға өтініш жазған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде санаторлы-курорттық ем алуға 49000 теңге көлемінде;
өтініш беруші санаторлы-курорттық емделуден бас тартқан жағдайда, 10 күн ішінде алған әлеуметтік көмекті аудан бюджетіне қайтарады;
Астана қаласына экскурсияға бару үшін 27000 теңге көлемінде, өтініш жазған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
біржолғы материалдық көмек:
6) тармақшада көрсетілген санаттарға:
қатты отын сатып алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
жазылу компаниясы кезеңінде облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
дәрі-дәрмек сатып алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш берген күннен бастап;
нақты көлеміндегі шығындардың есебін көрсете отырып өз жеке ісін ашу үшін материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
спутниктік телебағдарламасын орнату үшін нақты көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
6) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға пандус құру үшін нақты көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
мектепке дейінгі мүгедек балаларды бала-бақшада ұстау үшін төлем ақысы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
бала-бақшаға баратын мектепке дейінгі балалардың мүгедек ата-аналарына бала-бақша төлем ақысы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
біржолғы материалдық көмек:
9) тармақшада көрсетілген санаттарға бас бостандығын айыру орнынан шыққан азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
кәсіби даярлау және қайта даярлау өтіп жатқан жұмыссыздарға 7500 теңге көлемінде есептік айдың 5-не дейін;
Бөлімде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
біржолғы материалдық көмек:
10) тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш, 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш берген күннен бастап;
10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға стационарлық емделуге мұқтаж азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
10) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде "Павлодар облысының СПИДпен күрес және алдын алу орталығы" мемлекеттік мекемесінен тізім түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделудегі азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
біржолғы материалдық көмек:
11) тармақшада көрсетілген азаматтарға аудан орталығының арасындағы қашықтыққа байланысты (Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 121170 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай ауылдары – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш ауылдары – 175000 теңге, Шақа, Шоқтал, Жабағлы - 200000 теңге) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
12) тармақшада көрсетілген азаматтарға 200000 теңгеден бастап 400000 теңгеге дейін (аудандық орталығы дәрігерлеріне 200000 теңге; Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 300000 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш, Шақа, Шоқтал, Жабағлы – 400000) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
13) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға пәтерлеріне ағымдағы жөндеу жасау үшін нақты көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
ай сайынғы материалдық көмек:
13) тармақшада көрсетілген санаттарға айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;";
бүкіл мәтін бойынша "15" деген санынан кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. Жұмабаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Қ. Әлтаев