Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 ақпандағы N 4/13 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 ақпанда N 3460 болып тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 наурыздағы N 1-19/43 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 05.03.2014 N 1-19/43 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша 15 деген санынан кейін күнтізбелік деген сөзбен толықтырылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 22.07.2013 N 2/19 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихат, ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтардың санаттары:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне;
      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР дағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;
      3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;
      Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
      4) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;
      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
      Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылдың 22 маусым мен 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кем дегенде 6 ай тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар және қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдар;
      1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
      5) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, атап айтқанда:
      жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдар;
      100 жастағы және одан асқан азаматтар;
      төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      6) мүгедектер, атап айтқанда:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
      кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедек әйелдер;
      18 жастан асқан бала кезінен мүгедек атанған тетрапареза, парапареза балалар церебралды сал ауруының күрделі формасымен ауыратын 1-ші топ мүгедектер;
      арбадағы мүгедек;
      7) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтамасыз етілген көп балалы аналар;
      8) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан оқитын студенттер және ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балалар;
      9) аз қамтамасыз етілген азаматтар;
      10) әлеуметтік–мағыналы аурулармен ауыратын азаматтар, атап айтқанда:
      онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтар;
      туберкулез ауруларымен ауыратын азаматтар;
      адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыратын азаматтар;
      11) ауданға жұмыс істеуге келген (дәрігерлерден басқа) жоғарғы білімдері бар немесе орта мамандырылған білімдері бар мамандарға;
      12) аудандық денсаулық сақтау мекемесіне жұмыс істеуге келген дәрігерлер;
      13) социалистік еңбек ерлері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 22.07.2013 N 2/19 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) осы шешімнің 1–тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлем тағайындасын және қызметтер көрсетілсін:
      1) әлеуметтік көмек:
      1) тармақшада көрсетілген санатқа - Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай - 75000 теңге көлемінде, азық-түлік жиынын сатып алу үшін  - 5000 теңге көлемінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай – 25000 теңге көлемінде;
      2) тармақшаның бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарында,  3) тармақшаның бірінші, екінші абзацтарында, 4) тармақшаның екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттарға Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай - 3000 теңге көлемінде;
      2) тармақшаның төртінші абзацында, 4) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға (тек қана ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға) – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай - 15000 теңге көлемінде;
      4) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай - 10000 теңге көлемінде;
      2) тармақшаның бесінші абзацында (тек қана Ауған соғысының қатысушылары), 3) тармақшаның төртінші абзацында, 4) тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген санаттарға Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай - 6000 теңге көлемінде;
      2) тармақшаның алтыншы абзацында, 3) тармақшаның үшінші абзацында, 4) тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген санаттарға Чернобыль атомдық электростанциясындағы апаты күніне орай - 6000 теңге көлемінде;
      Қарттар күніне орай:
      5) тармақшаның бірінші, үшінші, абзацтарында көрсетілген санаттарға - 2000 теңге көлемінде;
      5) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға - 5000 теңге көлемінде;
      Мүгедектер күніне орай:
      6) тармақшаның бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттарға - 4000 теңге көлемінде;
      6) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға - 2000 теңге көлемінде;
      6) тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген санаттарға Жаңа жыл мерекесіне және Балаларды қорғау күніне – 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      6) тармақшаның үшінші абзацында және 7) тармақшасында көрсетілген санаттарға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне - 4000 теңге көлемінде;
      2) табысты ескермей:
      біржолғы материалдық көмек:
      1) тармақшада көрсетілген санаттарға жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
      пәтерлеріне ағымды жөндеу жасау 30000 теңге көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      айдың 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;
      біржолғы материалдық көмек:
      2) және 3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға:
      жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      әр айдын 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін (Ауған соғысының қатысушылары мен Чернобыль атом электростанциясына қатысушыларынан басқалары) 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      тоқсан сайынғы материалдық көмек:
      есептік тоқсанның 5-не дейін Ауған соғысының қатысушыларына және Чернобыль атом электростанциясына қатысушыларына тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      4) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға (тек қана ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға) электрлі қуатты пеш орнату үшін нақты көлемі бойынша;
      5) тармақшада көрсетілген санаттарға өтініш жазған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде санаторлы-курорттық ем алуға 49000 теңге көлемінде;
      өтініш беруші санаторлы-курорттық емделуден бас тартқан жағдайда, 10 күн ішінде алған әлеуметтік көмекті аудан бюджетіне қайтарады;
      Астана қаласына экскурсияға бару үшін 27000 теңге көлемінде, өтініш жазған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      6) тармақшада көрсетілген санаттарға:
      қатты отын сатып алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      жазылу компаниясы кезеңінде облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
      дәрі-дәрмек сатып алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш берген күннен бастап;
      нақты көлеміндегі шығындардың есебін көрсете отырып өз жеке ісін ашу үшін материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      спутниктік телебағдарламасын орнату үшін нақты көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      6) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға пандус құру үшін нақты көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      мектепке дейінгі мүгедек балаларды бала-бақшада ұстау үшін төлем ақысы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      бала-бақшаға баратын мектепке дейінгі балалардың мүгедек ата-аналарына бала-бақша төлем ақысы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      9) тармақшада көрсетілген санаттарға бас бостандығын айыру орнынан шыққан азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      кәсіби даярлау және қайта даярлау өтіп жатқан жұмыссыздарға 7500 теңге көлемінде есептік айдың 5-не дейін;
      Бөлімде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      10) тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш, 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш берген күннен бастап;
      10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға стационарлық емделуге мұқтаж азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      10) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде "Павлодар облысының СПИДпен күрес және алдын алу орталығы" мемлекеттік мекемесінен тізім түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделудегі азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      11) тармақшада көрсетілген азаматтарға аудан орталығының арасындағы қашықтыққа байланысты (Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 121170 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай ауылдары – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш ауылдары – 175000 теңге, Шақа, Шоқтал, Жабағлы - 200000 теңге) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      12) тармақшада көрсетілген азаматтарға 200000 теңгеден бастап 400000 теңгеге дейін (аудандық орталығы дәрігерлеріне 200000 теңге; Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 300000 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш, Шақа, Шоқтал, Жабағлы – 400000) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      13) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға пәтерлеріне ағымдағы жөндеу жасау үшін нақты көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      13) тармақшада көрсетілген санаттарға айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;
      3) табысты ескере:
      тоқсандық материалдық көмек:
      5) тармақшада көрсетілген санаттарға тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, есептік тоқсанның 5-не дейін;
      біржолғы материалдық көмек:
      8) тармақшада көрсетілген санаттарға оқу төлем ақысын нақты төлем ақысы көлемінде мамыр және қазан айларында және ай сайынғы материалдық көмек жоғары оқу орнында оқыту кезеңіне жолақысына, жүріп-тұруына және тамақтануына 15235 теңге көлемінде, ағымдағы айдың 25-не дейін;
      9) тармақшада көрсетілген санаттарға құжаттандыруға (жеке куәлік) 1 айлық есептік көрсеткіш, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      жеке ауланы дамыту үшін 150000 теңге көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      жүктілігіне байланысты 12 аптаға дейін есепке тұрған жүкті әйелдерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      оңалту орталығын ашу үшін ұсынылған нақты көлеміндегі есептеріне сәйкес, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қарастырылмаған шығыстарға байланысты (өрт, тоңау, бір айдан аса созылған ауру) 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      спутниктік телебағдарламасын орнату үшін нақты құны көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      балалар тамағын сатып алу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ағымдағы айдын 25-не дейін;
      зейнеткерлік алдындағы жастағы жұмыссыздарға (жасына қарай зейнеткерлікке шығуға 3 жыл қалған) 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ағымдағы айдын 25-не дейін;
      тоқсан сайынғы материалдық көмек:
      "Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы" бойынша төмен экономикалық потенциалды ауылдардан көшірілген отбасыларына коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 03.04.2013 N 3/15 (жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; 2 тармақшасы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 22.07.2013 N 2/19 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Әлеуметтік көмек алу үшін әрбір санат бойынша осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген келесі құжаттарды, Бөлімге ұсыну қажет:
      1) 1)2)3)4)5)6)7)8)9)10)11)12),  13)тармақшаларында көрсетілген санаттарына – өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде немесе екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке шотының көшірмелері, тұрғылықты жерден мекен жай анықтамасының тұпнұсқасы;
      толығырақ:
      2) 5) тармақшада көрсетілген санаттарға санаторияға бару үшін – ем алу қажетін растайтын медициналық қорытынды, санаторлы-курорттық картасының көшірмесі;
      коммунналдық қызмет шығындарын төлеу үшін - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты;
      3) 6) тармақшада көрсетілген санаттарға мектепке дейінгі мекемесінің анықтамасы, өз жеке ісін ашу үшін - шығындарын (есептерін) растайтын құжат;
      4) 8) тармақшада көрсетілген санаттарға оқу төлеу үшін – тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттын көшірмесі, жалпы және орта білім туралы аттестатының көшірмесі, білім қызметтерін көрсетуге аудан әкімімен, студентпен, жоғары оқу орнымен үш жақты келісім-шарт;
      5) 9) тармақшада көрсетілген санаттарға жеке ауланы дамытуға материалдық көмек алу үшін - бөліммен, ауылдық округ әкімімен және аз қамтамасыз етілген азаматпен жеке ауланы дамытуға материалдық көмек көрсету үшін үш жақты келісім-шарт, оңалту орталығын ашу үшін – шығындарын (есептерін) растайтын құжат, жерлеуге – қайтыс болуы туралы куәлік;
      6) 10) тармақшада көрсетілген санаттарға жолақысын, жүріп-тұруын және тамақтануын төлеу үшін – денсаулық сақтау мекемесінен анықтама, онкологиялық ауруына, әр түрлі туберкулез формаларымен, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғыш ауруына шалдыққан кезде баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      7) 11)12) тармашаларында көрсетілген санаттарға – біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді;
      8) 1)2)3)4)5)6)7)8)9)10)11)12),  13)тармақшаларында көрсетілген санаттарға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған, қарастырылмаған шығыстарға байланысты (өрт, тоңау, бір айдан аса созылған ауру) - отбасы орта кіріс есебі немесе кіріс есепсіз ескерілген тиісті мекемелерінен растайтын құжат;
      9) көмектің екі түрін алу үшін – мүгедектерге әлеуметтік көмек және әлеуметтік-мағыналы аурулармен ауыратын азаматтарға электронды үкіметтік портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда көмек алуға болады.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ. Есімов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Қ. Әлтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады