Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған XIII кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 4/13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 шілдедегі N 2/19 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 07 тамызда N 3589 болып тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 наурыздағы N 1-19/43 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 05.03.2014 N 1-19/43 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11 - бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" N 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Лебяжі аудандық мәслихаттың (V сайланған ХІІІ кезектен тыс сессиясы) 2013 жылғы 11 ақпандағы "Лебяжі ауданы бойынша 2013 жылға арналған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 4/13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3460 тіркелген, 2013 жылғы 07 наурыздағы "Аққу үні" - "Вести Акку" N 10 газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      6) тармақшасында келесі мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "арбадағы мүгедек;";
      2-тармақта:
      2) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "2) табысты ескермей:
      біржолғы материалдық көмек:
      1) тармақшада көрсетілген санаттарға жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
      пәтерлеріне ағымды жөндеу жасау 30000 теңге көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      айдың 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;
      біржолғы материалдық көмек:
      2) және 3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға:
      жазылу компаниясы кезеңінде республикалық, облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      әр айдын 25-не дейін тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін (Ауған соғысының қатысушылары мен Чернобыль атом электростанциясына қатысушыларынан басқалары) 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      тоқсан сайынғы материалдық көмек:
      есептік тоқсанның 5-не дейін Ауған соғысының қатысушыларына және Чернобыль атом электростанциясына қатысушыларына тұрғын коммуналдық қызмет шығындарды төлеу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      4) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға (тек қана ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға) электрлі қуатты пеш орнату үшін нақты көлемі бойынша;
      5) тармақшада көрсетілген санаттарға өтініш жазған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде санаторлы-курорттық ем алуға 49000 теңге көлемінде;
      өтініш беруші санаторлы-курорттық емделуден бас тартқан жағдайда, 10 күн ішінде алған әлеуметтік көмекті аудан бюджетіне қайтарады;
      Астана қаласына экскурсияға бару үшін 27000 теңге көлемінде, өтініш жазған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      6) тармақшада көрсетілген санаттарға:
      қатты отын сатып алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      жазылу компаниясы кезеңінде облыстық және аудандық газеттерге жазылуға нақты көлемінде;
      дәрі-дәрмек сатып алу үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш берген күннен бастап;
      нақты көлеміндегі шығындардың есебін көрсете отырып өз жеке ісін ашу үшін материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      спутниктік телебағдарламасын орнату үшін нақты көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      6) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға пандус құру үшін нақты көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      мектепке дейінгі мүгедек балаларды бала-бақшада ұстау үшін төлем ақысы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      бала-бақшаға баратын мектепке дейінгі балалардың мүгедек ата-аналарына бала-бақша төлем ақысы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      9) тармақшада көрсетілген санаттарға бас бостандығын айыру орнынан шыққан азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      кәсіби даярлау және қайта даярлау өтіп жатқан жұмыссыздарға 7500 теңге көлемінде есептік айдың 5-не дейін;
      Бөлімде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      10) тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш, 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш берген күннен бастап;
      10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға стационарлық емделуге мұқтаж азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      10) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген санаттарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде "Павлодар облысының СПИДпен күрес және алдын алу орталығы" мемлекеттік мекемесінен тізім түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      10) тармақшаның екінші абзацында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделудегі азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      біржолғы материалдық көмек:
      11) тармақшада көрсетілген азаматтарға аудан орталығының арасындағы қашықтыққа байланысты (Аққу, Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 121170 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай ауылдары – 125000 теңге; Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш ауылдары – 175000 теңге, Шақа, Шоқтал, Жабағлы - 200000 теңге) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      12) тармақшада көрсетілген азаматтарға 200000 теңгеден бастап 400000 теңгеге дейін (аудандық орталығы дәрігерлеріне 200000 теңге; Шарбақты, Бесқарағай, Жамбыл, Жанатан, Әйтей, Черное, Шабар, Шәмши, Ямышево, Қызыл-қоғам, Тлектес ауылдары – 300000 теңге; Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай, Мерғалым, Баймолда, Тақыр, Теренкөл, Төсағаш, Шақа, Шоқтал, Жабағлы – 400000) материалдық көмек, өтініш берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      13) тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген санаттарға пәтерлеріне ағымдағы жөндеу жасау үшін нақты көлемінде, өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      ай сайынғы материалдық көмек:
      13) тармақшада көрсетілген санаттарға айдың 25-не дейін нақты қолданылған электр қуатын төлеу үшін;";
      бүкіл мәтін бойынша "15" деген санынан кейін "күнтізбелік" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Жұмабаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Қ. Әлтаев

О внесении дополнений в решение Лебяжинского районного маслихата (XIII внеочередная сессия V созыва) от 11 февраля 2013 года N 4/13 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Лебяжинского района на 2013 год"

Решение маслихата Лебяжинского района Павлодарской области от 22 июля 2013 года N 2/19. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 07 августа 2013 года N 3589. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Лебяжинского района Павлодарской области от 05 марта 2014 года N 1-19/43)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Лебяжинского района Павлодарской области от 05.03.2014 N 1-19/43).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и статьей 20 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" от 28 апреля 1995 года, подпунктом 3) пункта 2 статьи 11 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" от 13 апреля 2005 года, со Стандартом государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" N 394, Лебяжинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Лебяжинского районного маслихата (ХІІІ внеочередная сессия V созыва) от 11 февраля 2013 года N 4/13 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Лебяжинского района на 2013 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 3460 опубликованное в газете "Аққу үні" - "Вести Акку" от 7 марта 2013 года N 10) следующие дополнения:
      в пункте 1:
      подпункт 6) дополнить абзацем пятым следующего содержания:
      "инвалид колясочник;";
      в пункте 2:
      подпункт 2) изложить в новой редакции следующего содержания:
      "2) без учета доходов:
      единовременная материальная помощь:
      для категории граждан указанных в подпункте 1) на подписку республиканских, областных и районных газет в размере по фактической стоимости, в период подписной компании;
      на текущий ремонт квартиры в размере 30000 тенге в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      ежемесячная материальная помощь:
      на оплату жилищно-коммунальных услуг в размере 4 месячных расчетных показателей до 25 числа каждого месяца;
      на оплату электроэнергии по факту потребления до 25 числа каждого месяца;
      единовременная материальная помощь:
      для категорий граждан, указанных в подпунктах 2) и 3) на подписку республиканских, областных и районных газет в размере по фактической стоимости, в период подписной компании;
      ежемесячная материальная помощь:
      на оплату жилищно-коммунальных услуг (кроме участников афганской войны и участников Чернобыльской атомной электростанции) в размере 3 месячных расчетных показателей до 25 числа каждого месяца;
      ежеквартальная материальная помощь:
      на оплату жилищно-коммунальных услуг участникам Афганской войны и участникам Чернобыльской атомной электростанции в размере 5 месячных расчетных показателей до 5 числа следующего за отчетным кварталом;
      единовременная материальная помощь:
      на установку электрического котла по фактической стоимости - категориям граждан, указанных в абзаце три подпункта 4) (только награжденные орденами и медалями);
      на получение санаторно-курортного лечения для категории граждан, указанной в подпункте 5) в размере 49000 тенге в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      в случае отказа заявителя от получения санаторно-курортного лечения после получения социальной помощи, заявитель производит возврат социальной помощи в течение 10 календарных дней;
      для поездки на экскурсию в город Астана в размере 27000 тенге в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      единовременная материальная помощь:
      для категории граждан, указанных в подпункте 6) на приобретение твердого топлива в размере 5 месячных расчетных показателей, в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      на подписку на областные и районные газеты в размере по фактической стоимости в период подписной компании;
      на приобретение лекарств в размере 5 месячных расчетных показателей в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      на открытие собственного дела по предоставленным расчетам фактической стоимости затрат, в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      на установку спутникового-кабельного телевидения в размере по фактической стоимости установки, в течении 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      для категории граждан, указанных в абзаце пять подпункта 6) на установку пандусов в размере по фактической стоимости выполненных работ, в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      ежемесячная материальная помощь:
      на оплату для содержания детей - инвалидов дошкольного возраста в детских садах в размере 3 месячных расчетных показателей;
      на оплату для содержания детей дошкольного возраста в детских садах родителям-инвалидам в размере 3 месячных расчетных показателей;
      единовременная материальная помощь:
      для категории граждан указанной в подпункте 9) освободившимся из мест лишения свободы в размере 5 месячных расчетных показателей в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      безработным, проходящим профессиональную подготовку и переподготовку в размере 7500 тенге до 5 числа следующего за отчетным месяцем;
      безработным гражданам состоящим на учете в Отделе на погребение в размере 15 месячных расчетных показателей в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      единовременная материальная помощь:
      для категории граждан, указанных в абзаце один подпункта 10) в размере 10 месячных расчетных показателей в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      для категории граждан, указанных в абзаце два подпункта 10) находящимся на стационарном лечении в размере 5 месячных расчетных показателей в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      для категории граждан, указанных в абзаце три подпункта 10) в размере 10 месячных расчетных показателей в течение 15 календарных дней с момента поступления списков с Государственного учреждения "Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе со СПИДом";
      ежемесячная материальная помощь:
      для категории граждан, указанных в абзаце два подпункта 10) находящимся на амбулаторном лечении в размере 5 месячных расчетных показателей в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      единовременная материальная помощь:
      для категории граждан, указанных в подпункте 11) в зависимости от отдаленности от районного центра (села Акку, Шарбакты, Бескарагай, Жамбыл, Жанатан, Айтей, Черное, Шабар, Шамши, Ямышево, Кызыл-когам, Тлектес – 121170 тенге; села Казы, Малыбай, Казантай – 125000 тенге; села Майкарагай, Мергалым, Баймульдина, Такыр, Теренколь, Тосагаш – 175000 тенге; села Шака, Шоктал, Жабаглы – 200000 тенге) в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      для категорий граждан, указанных в подпункте 12) в размере от 200000 тенге до 400000 тенге (врачам районного центра 200000 тенге; Шарбакты, Бескарагай, Жамбыл, Жанатан, Айтей, Черное, Шабар, Шамши, Ямышево, Кызыл-когам, Тлектес – 300000 тенге; села Казы, Малыбай, Казантай, Майкарагай, Мергалым, Баймульдина, Такыр, Теренколь, Тосагаш, Шака, Шоктал, Жабаглы – 400000 тенге) в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      для категории граждан указанных подпункте 13) на текущий ремонт квартиры по фактической стоимости выполненных работ, в течение 15 календарных дней с момента подачи заявления;
      ежемесячная материальная помощь:
      для категорий граждан указанных в подпункте 13) на оплату электроэнергии по факту потребления до 25 числа каждого месяца;";
      по всему тексту после цифры "15" дополнить словом "календарных".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной сферы и культурному развитию.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Е. Жумабаев

      Секретарь районного
      маслихата                                  К. Альтаев