Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданының Лебяжі ауылдық округі әкімінің 09.09.2013 N 2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттiк ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негiзiнде Лебяжі ауылдық округi әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
1. Малдардың құтыру ауруының анықталуына байланысты Лебяжі ауылдық округiнiң Аққу ауылындағы Ташимов көшесiнде шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енедi.
Лебяжі ауылдық
округінің әкімі С. Халемов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау
және қадағалау Комитетінің
Лебяжі аудандық
аумақтық инспекциясы" Г. Сагалов
күні 23 мамыр 2013 жыл