Лебяжі ауылдық округі Аққу ауылының Ташимов көшесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі ауданының Лебяжі ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 24 мамырдағы N 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 07 маусымда N 3549 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданының Лебяжі ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 09 қыркүйектегі N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданының Лебяжі ауылдық округі әкімінің 09.09.2013 N 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттiк ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негiзiнде Лебяжі ауылдық округi әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Малдардың құтыру ауруының анықталуына байланысты Лебяжі ауылдық округiнiң Аққу ауылындағы Ташимов көшесiнде шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын өзім бақылаймын.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енедi.

      Лебяжі ауылдық
      округінің әкімі                            С. Халемов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау
      және қадағалау Комитетінің
      Лебяжі аудандық
      аумақтық инспекциясы"                      Г. Сагалов
      күні 23 мамыр 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады