Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 23.06.2014 N 198/6 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Май ауданыңын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы "Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесiн белгілеу туралы" N 19/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3414 тіркелді, 2013 жылғы 16 ақпанда Май аудандық "Шамшырақ" N 7 (8094) газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесінде "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына," деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғ. Исахановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Жармағамбетов