Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы N 19/01 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 ақпанда N 3414 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы N 198/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 23.06.2014 N 198/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 28.10.2013 N 288/10 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның аңықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар адамдар;
      2) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
      3) 21 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғ. Исахановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады