Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы "Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" N 19/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 28 қазандағы N 288/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 қарашада N 3613 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы N 198/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 23.06.2014 N 198/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Май ауданыңын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы "Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесiн белгілеу туралы" N 19/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3414 тіркелді, 2013 жылғы 16 ақпанда Май аудандық "Шамшырақ" N 7 (8094) газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспесінде "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына," деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғ. Исахановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Жармағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады