2013 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 1 ақпандағы N 1/58 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 ақпанда N 969 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы N 1/41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.01.2014 N 1/41 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.
      4. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:
      1) 2013 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;
      2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізілсін.
      5. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулыны Басқарманың интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Алматы қаласы әкімдігінің «2012 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» 2012 жылғы 1 наурыздағы № 1/148 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 923 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 наурыздағы «Алматы Ақшамы» газетінің № 33 санында, 2012 жылғы 20 наурыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 35 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов


      Енгізуші:
      
      Алматы қалалық Жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар
      басқармасының бастығы                  Ә. Құлмаханов

      Келісілді:

      Алматы қаласы
      әкімiнiң бірінші орынбасары            М. Мұқашев

      Алматы қаласы Экономика және
      бюджеттік жоспарлау басқармасының
      бастығы                                С. Қабдолов

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің меңгерушісі              А. Қасымова

Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 1 ақпандағы № 1/58
қаулысымен бекітілді

Ұйымдардың тізбесі,
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың
түрлері және көлемдері

№ р/с Жұмыс түрлері Жұмыс істейтін адам саны Ұйымдар Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары

1.

Тұрғын үй-комму
налдық шаруашылық ұйымдарына аумақтарды жинауға көмек

960

Алматы қаласы Алатау, Медеу аудандарының әкімінің аппараттары, «Әуезов ауданы жеке пәтер иелерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жетісу» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Тұран» үй-жайлардың меншік иелері кооперативтерінің қауымдастығы, «Тазалық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және тағы басқалар

Келісім шартқа сәйкес

2.

Өңірді экология
лық сауықтыру (көгалдандыру және көріктен
діру)

241

«Қарасу» қоғамдық бірлестігі, «Ұлжан Ұлысы» қоғамдық бірлестігі, «Қарлығаш» жеке кәсіпкер, Медеу ауданы Алатау кенті әкімінің аппараты, «Тәртіп» акционерлік қоғамы, «Эталон» Құрылыс-жөндеу кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және тағы басқалар

Келісім шартқа сәйкес

3.

Өңірлік қоғамдық науқандарды жүргізуге көмек

965

Алматы қаласы аудандарының «Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы Алатау, Бостандық, Медеу, Түрксіб аудандық ішкі істер басқармаларының көші-қон полициясы бөлімдері, Бостандық, Медеу аудандық Ішкі істер басқармалары, «Алматы қалалық құқық тәртібін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб аудандық филиалдары, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әділет басқармасы, Түрксіб ауданының жергілікті өзін-өзі басқарудың үйлестіру кеңесі және тағы басқалар

Келісім шартқа сәйкес

4.

Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау, балалармен жұмыс, әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты өзге де жұмыстар

543

«Алатау ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік мекемесі, «№ 1 оқушылар үйi» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Әуезов аудандық филиалы, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Алматы қаласы «Алатау» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Түрксіб аудандық мүгедектердің ерікті қоғамы, «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Алматы № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Түрксіб аудандық қайырымдылық қоры, Түрксіб аудандық «Көп балалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қалыптасу» қоғамдық қоры, «Қарулы Күштердің мүгедектерге жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры, «Родник» Балаларды және әйелдердің әлеуметтік психологиялық бейімдеу және сауықтыру орталығы» қоғамдық қоры және тағы басқалар

Келісім шартқа сәйкес


БАРЛЫҒЫ

2709




      Ескертпе: еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай және жұмыс түрлері бойынша қатысушылардың саны және ұйымдардың тізбесі 2013 жылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуге Алматы қаласы бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.

О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2013 году

Постановление акимата города Алматы от 1 февраля 2013 года N 1/58. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 25 февраля 2013 года за N 969. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 27 января 2014 года N 1/41

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 27.01.2014 N 1/41 (вводится в действие через 10 дней после опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 5 статьи 7 и статьей 20 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», Акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень организаций, виды и объемы общественных работ на 2013 год.
      2. Уполномочить Управление занятости и социальных программ города Алматы на заключение договоров с работодателями на выполнение общественных работ, финансируемых из местного бюджета.
      3. Установить оплату труда безработных, участвующих в общественных работах, в размере двух минимальных заработных плат в месяц.
      4. Управлению занятости и социальных программ города Алматы:
      1) осуществлять направление безработных на общественные работы в пределах средств, предусмотренных на их проведение в бюджете города Алматы на 2013 год;
      2) оплату труда безработных, участвующих в общественных работах, производить путем зачисления денежных средств на их лицевые счета в банках второго уровня.
      5. Управлению занятости и социальных программ города Алматы (далее Управление) обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе Управления.
      6. Признать утратившим силу постановление акимата города Алматы «О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2012 году» от 1 марта 2012 года № 1/148 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 923, опубликованное 17 марта 2012 года в газете «Алматы Ақшамы» № 33, 20 марта 2012 года в газете «Вечерний Алматы» № 35).
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Алматы М. Мукашева.
      8. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы                     А. Есимов

      Вносит:

      Начальник Управления занятости
      и социальных программ города
      Алматы                           А. Кульмаханов

      Согласовано:

      Первый заместитель акима
      города Алматы                    М. Мукашев
      Начальник Управления
      экономики и бюджетного
      планирования города Алматы       С. Кабдулов
      Заведующая юридическим отделом
      аппарата акима города Алматы     А. Касымова

Утвержден
постановлением акимата города Алматы
от 01 февраля 2012 года № 1/58

ПЕРЕЧЕНЬ
организаций, виды и объемы
общественных работ на 2013 год

№ п/п

Виды работ

Коли-
чество
занятых
человек

Организации

Объемы и конкретные условия общественных работ

1.

Помощь организациям жилищно- коммунального хозяйства в уборке территорий

960

Аппараты акимов Алатауского района, Медеуского района, объединение юридических лиц  «Ассоциация кооперативов собственников помещений  Ауэзовского района», объединение юридических лиц «Ассоциация «Жетысу», ассоциация кооперативов собственников помещений «Туран», товарищество с ограниченной ответственностью «Тазалык Сити», государственное коммунальное предприятие «Алматы Тазалық» и другие

Согласно договору

2.

Экологическое оздоровление региона (озеленение и благоустройство)

241

Общественное объединение «Карасу», общественное объединение «Улжан улысы», индивидуальный предприниматель «Карлыгаш», аппарат акима поселка Алатау Медеуского района, Акционерное общество «Тәртіп», товарищество с ограниченной ответственностью «Ремонтно- строительное предприятие «Эталон» и другие

Согласно договору

3.

Помощь в проведении региональных общественных кампаний

965

Государственные учреждения «Управление по делам обороны» районов города Алматы, отделы миграционной полиции управлений внутренних дел Алатауского района, Бостандыкского района, Медеуского района, Турксибского района, Управление внутренних дел Бостандыкского района, Медеуского района, общественное объединение «Алматинское городское общественное объединение по содействию в охране правопорядка», Алмалинский, Ауэзовский, Бостандыкский, Жетысуский, Турксибский районные филиалы народно- демократической партии «Нур Отан», Общественное объединение «Қазақ тілі», управление юстиции Турксибского района, территориальный координационный совет местного самоуправления Турксибского района и другие

Согласно договору

4.

Уход за престарелыми и инвалидами, работа с детьми, иные работы, связанные с оказанием социальных услуг

543

Общественное объединение «Общество инвалидов Алатауского района города Алматы», общественное объединение инвалидов, имеющих высшее образование «Намыс», государственное учреждение «Центр по профилактике и борьбе со СПИДом», государственное коммунальное казенное предприятие «Дом школьников № 1», государственное учреждение «Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан», Ауэзовский районный филиал общественного объединения «Организация ветеранов Республики Казахстан», государственный фонд развития молодежной политики города Алматы, общественное объединение «Общество инвалидов «Алатау»,  добровольное общество инвалидов Турксибского района, товарищество с ограниченной ответственностью «Алматинское учебно-производственное предприятие №2» общественного объединения казахского общества слепых, Турксибский районный благотворительный фонд, общественное объединение «Союз многодетных семей» Турксибского района, общественный фонд «Қалыптасу», общественный фонд «Фонд содействия инвалидам Вооруженных сил», общественный фонд «Центр социально-психологической реабилитации и адаптации для женщин и детей «Родник» и другие

Согласно договору


ИТОГО

2709




      Примечание: в зависимости от спроса и предложения на рынке труда количество участников по видам работ и перечень организаций могут меняться в пределах средств, предусмотренных в бюджете города Алматы на проведение общественных работ на 2013 год.