Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.01.2015 N 1/23 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, 2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.
4. Басқармаға:
1) 2014 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;
2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізілсін.
5. Басқармаға осы қаулыны Басқарманың интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Алматы қаласы әкімдігінің «2013 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» 2013 жылғы 1 ақпандағы № 1/58 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 969 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 наурыздағы «Алматы Ақшамы» газетінің № 32 санында, 2013 жылғы 7 наурыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 33 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі |
А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің |
Ұйымдардың
ТІЗБЕСІ,
2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері
№ р/с |
Жұмыс түрлері |
Жұмыс істейтін адам саны |
Ұйымдар |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары |
1. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына аумақтарды жинауға көмек |
1160 |
Алматы қаласы Алатау, Медеу аудандарының әкімдерінің аппараттары, «Тұрғын үй» Әуезов ауданы жеке пәтер иелерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жетісу» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Парус» пәтерлер меншік иелерінің тұтынушылар кооперативі, «Тұран» үй-жайлардың меншік иелері кооперативтерінің қауымдастығы, «Тазалық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және тағы басқалар |
Келісім шартқа сәйкес |
2. |
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру) |
114 |
«Тәртіп» акционерлік қоғамы, «Эталон» Құрылыс-жөндеу кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және тағы басқалар |
Келісім шартқа сәйкес |
3. |
Өңірлік қоғамдық науқандарды жүргізуге көмек |
1123 |
Алматы қаласы аудандарының «Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы Алатау, Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандық ішкі істер басқармаларының көші-қон полициясы бөлімдері, Бостандық, Медеу аудандық Ішкі істер басқармалары, «Алматы қалалық құқық тәртібін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб аудандық филиалдары, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әділет басқармасы және тағы басқалар |
Келісім шартқа сәйкес |
4. |
Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау, балалармен жұмыс, әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты өзге де жұмыстар |
603 |
«Алатау ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұлжан Ұлысы» қоғамдық бірлестігі, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, «№1 оқушылар үйi» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Әуезов аудандық филиалы, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Алматы қаласы «Алатау» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалының Жетісу аудандық бөлімі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, «Жетісу ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Чиликар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Халықты баспанамен қамтамасыз етіңіз» қоғамдық бірлестігі, Түрксіб аудандық мүгедектердің ерікті қоғамы, «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Алматы № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Түрксіб аудандық қайырымдылық қоры, Түрксіб аудандық «Көп балалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қалыптасу» қоғамдық қоры, «Қарулы Күштердің мүгедектерге жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры, «Родник» Балаларды және әйелдерді әлеуметтік психологиялық бейімдеу және сауықтыру орталығы» қоғамдық қоры және тағы басқалар |
Келісім шартқа сәйкес |
БАРЛЫҒЫ |
3000 |
Ескертпе: еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай және жұмыс түрлері бойынша қатысушылардың саны және ұйымдардың тізбесі 2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуге Алматы қаласы бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.