Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 19.07.2024 жылғы № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 767 нөмірімен енгізілген, 2008 жылғы 21 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған), IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХI сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 125 "IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 777 нөмірімен енгізілген, 2008 жылғы 9 қыркүйекте "Алматы ақшамы" газетінде және 2008 жылғы 23 тамызда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған), IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIII сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 264 "IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 833 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 7 қаңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған), IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXVIІ сессиясының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 317 "IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VI сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 "Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 847 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 27 мамырда "Алматы ақшамы" газетінде және 2010 жылғы 29 мамырда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) шешімдерімен келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" және 1998 жылғы 1 шілдедегі "Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы" Заңдарына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінде:
"Жалпы ережелер" 1 бөліміндегі:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Осы Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Ереже Алматы қаласы аумағында аумақтарды көріктендіру, санитарлық күтіп-ұстау, тазалықты сақтау қарым-қатынасын реттейді.";
2) тармақша алынып тасталсын;
12) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
"12) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) - қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;";
20) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
"20)-Қалдықтарды орналастыру полигоны - өндіріс қалдықтарын орналастыру және оларды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрі үшін белгіленген кезеңге тұтыну үшін арнайы жабдықталған орын (алаңдар, көмбелер, қоймалар);
"Қаланы таза ұстау" 2 бөлімінде:
"Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету" 1 тарауында:
бірінші абзацта:
"бекітілген" деген сөз "маңындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"құқығы бар" деген сөздер "мүмкіндігі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсіпорын", "кәсіпорындарының" деген сөздер "ұйымдар", ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
13 тармақ алынып тасталсын;
"Қала аумағын тазартуды ұйымдастыру" 2 тарауында:
17 тармақ алынып тасталсын;
"Қала аумағын тазалау тәртібі" 3 тарауында:
"Көшенің өтпе жолдарын тазарту" 1 параграфындағы:
"үзіліссіз" деген сөз алынып тасталсын;
"Жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары" 2 параграфындағы:
25 тармақ алынып тасталсын;
"осы аумақ бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын;
"кәсіпорындар" деген сөз "ұйымдар" деген сөзімен ауыстырылсын;
"Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту" 3 параграфында:
31 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"31. Қалалық қоғамдық көліктердің отырғызу алаңдарын жинауды сауда-аялдама кешендерінің иелері, жалға алушылар жүргізеді, ал олар жоқ болса жолдарды тазалайтын кәсіпорындар жинайды.";
"Басқа қала аумақтарын тазарту" 4 параграфтың:
"Маңайдағы" деген сөз "маңында" деген сөзімен ауыстырылсын;
34 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"34. Автокөлік тұрақтарын және қалташаларды күтіп-ұстау және тазалау жұмыстарын автокөлік тұрағы қарастырылған ғимаратты, үй-жайды, жер телімін пайдаланушылар немесе оның иелері жүзеге асырады.";
35 тармақ алынып тасталсын;
"(аумақты жинау, ұстау және көріктендіру төлқұжатына сәйкес)" деген сөздер алынып тасталсын;
38 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"38. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, жанармай құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға кіретін және шығатын жерлерін жинау, көріктендіру және аумағының тазалығын сақтауды осы объектілердің иелері мен оны пайдаланушылар жүргізеді.";
"бекітіліп берілген аумақтарды" деген сөздер алынып тасталсын;
"(бекітілген маңайдағы аймағының шегінде)" деген сөздер алынып тасталсын;
"Жаз мезгілінде қала аумақтарын тазалау" 5 тарауында:
"Жалпы ережелер" 1 параграфындағы:
99 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"99. Жапырақтар түскен кезде көше, магистралдардың бойы және аула аумақтары түскен жапырақтардан тазаланады және шығарылады. Ағаштардың және бұталардың түбіріне жапырақтарды жинауға тыйым салынады.";
"Жаз мезгілінде үйлердің аулаларын тазалау" 3 параграфындағы:
105 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"105. Үйлердің аулаларын, аула ішіндегі өтпе жолдарды және жаяу жолдарды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалау, оларды жуу, сондай-ақ күні бойы тазалықты сақтауды пәтер иелерінің кооперативтері немесе ғимараттар мен құрылыстардың иелері қамтамасыз етеді.";
"бөлінген аумақтың" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару" 6 тарауында:
"(оның ішінде ПИК-тер, ҮИТК-тер және т.б.)" деген сөздер алынып тасталсын;
"қалдықтарды көметін Полигонмен" деген сөздер "қалдықтарды орналастыру полигонмен деген сөздермен ауыстырылсын;
"бекітілген, аула ішілік" деген сөздер "маңындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша алынып тасталсын;
122 тармақ алынып тасталсын;
"департаментімен" деген сөздері "басқармасымен" деген сөздерімен ауыстырылсын;
129 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"129. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек.";
"департаментімен" деген сөз "басқармасымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Шағын сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау" 8 тарауы алынып тасталсын;
"Ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерді күтіп ұстау" 10 тарауында:
"өз есебінен немесе бүлінген қаражат есебінен" деген сөздер алынып тасталсын;
"департаменттерінің" деген сөз "басқармаларының" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп ұстау" 11 тарауында:
"полигон" деген сөз "қалдықтарды орналастыру полигоны" деген сөздерімен ауыстырылсын;
"Аялдама пункттеріне қойылатын талаптар" 13 тарауының:
169 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"169.-Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аялдама пункттері орналастырылады және жабдықталады.";
"Таксофондар" 14 тарауы алынып тасталсын;
"Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершіліктері" 3 бөліміндегі:
бірінші бөлігі алынып тасталсын;
"КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР" бөлімі алынып тасталсын;
"Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау ТӨЛҚҰЖАТЫ", "Бекітілген аумақтың КЕСТЕСІ" деген Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінің қосымшасы алынып тасталсын.
2.аОсы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
3.аАлматы қаласының мәслихаты (Т.аМұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4.аОсы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Алматы қаласы | |
мәслихаты XIX сессиясының | |
төрағасы, мәслихат хатшысы | Т. Мұқашев |
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары Е. Шорманов
Алматы қаласы Табиғи ресурстар
және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасы басшысының
міндетін атқарушы М. Батырбаев
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы А. Қасымова