Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 3.07.2014 N 33/206 шешімімен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі заңының 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қағидасының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
3. Осы шешімнің 1, 2 тармақтарының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
сессия төрағасы В. Шкодин
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев