Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй алу немесе салу үшін 2014 жылы көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихатының 2014 жылғы 3 шілдедегі N 33/206 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде N 2890 болып тіркелді

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
      3. Аталған шешімнің 12-тармақтары ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына таратылады.
      4. «Есіл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2014 жылы жәрдем ақы мен бюджеттік несие беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2501 болып тіркелген, «Есіл таңы», «Ишим» газеттерінде 2014 жылғы 7 ақпанда жарияланған) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 25/148 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы                            Д. Қалиев

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы мәслихатының
      хатшысы                                    Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады