"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі |
Қ. Қасенов |