"Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Тимирязев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 108 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 10 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Тимирязев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 108 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2286 тіркелген, аудандық "Көтерілген тың", "Нива" газеттерінде 2013 жылы 25 мамырда жарияланған).
      2. Осы қауылының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппарат басшысы А.С. Жүсіповқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Е. Базарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады