"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының азаматтардың жекелеген санаттары үшін Шал ақын ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының 2011 жылғы 3 мамырдағы № 105 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-14-130 бойынша тіркелген, 2011 жылдың 8 шілдесінде № 29 (8772) "Новатор" аудандық газетінде, 2011 жылдың 8 шілдесінде № 29 (8772) "Парыз" аудандық газетінде келесі өзгерістер (әрі қарай – қаулы) жарияланды:
қаулының кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Омаров |