Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары күштерінің жойылғанын тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 152 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шал ақын ауданы әкімдігінің қаулылары күштерінің жойылғаны танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Сағдиев

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусым № 152 қаулысына қосымша

Шал ақын ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
ТІЗБЕСІ

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының азаматтардың жекелеген санаттары үшін Шал ақын ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының 2011 жылғы 3 мамырдағы N 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 352 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қарашада N 2406 болып тіркелді;
      2) "Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2012 жылғы 20 тамыздағы № 235 қаулына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 9 қазандағы № 277. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қарашада N 1949 болып тіркелді;
      3) "Халықты жұмыспен камтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі № 155. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 тамызда N 13-14-81 болып тіркелді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады