Азаматтардың жекелеген санаттары үшін Шал ақын ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы N 105 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 маусымда N 13-14-130 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы N 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 19.05.2015 N 127 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 22.10.2013 N 352 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Ауданның жұмыс берушілері үшін:
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін Шал ақын ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      интернат ұйымдарын бітіруші кәмелетке толмағандар үшін Шал ақын ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады