Ескерту. Күшi жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 27.09.2018 № 30/157-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 31/179-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 31/179-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | П.Шынпейіс |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б.Зұлпыхаров |