Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 19/116-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 19 қарашада № 2412 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 30/157-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 27.09.2018 № 30/157-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 31/179-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 31/179-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы П.Шынпейіс
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Зұлпыхаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады