Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-167/V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда № 2497 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 33-213/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 23.06.2014 № 33-213/V шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сайрам ауданы бюджеті есебінен қаржыландырылатын, Сайрам ауданының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:
      1) 1-11 сыныптары – ақысыз жол жүру.
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-55/IV «Ауданның білім беру мекемелерінің оқушыларына жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жүруіне жеңілдік беру шарттары туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 4 ақпанда № 14-10-79 санымен тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпандағы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            И.Курбанов

      Сайрам аудандық мәслихаты хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы                  Б.Зиятаев

О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) обучающихся и воспитанников всех организаций образования очной формы обучения

Решение Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20 декабря 2013 года № 26-167/V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 14 января 2014 года № 2497. Утратило силу решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 23 июня 2014 года № 33-213/V

      Сноска. Утратило силу решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 23.06.2014 № 33-213/V.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала. 
      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 6, пунктом 4 статьи 47 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании», Сайрамский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить право на льготный проезд на общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам всех организаций образования очной формы обучения Сайрамского района, независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели), финансируемых за счет бюджета Сайрамского района:
      1) с 1 по 11 классы – бесплатный проезд.
      2. Признать утратившим силу решение Сайрамского районного маслихата от 25 декабря 2007 года № 3-55/IV «О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся и воспитанников очной формы обучения» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14-10-79, опубликовано 22 февраля 2008 года в газете «Мәртөбе»).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      Председатель сессии                        И.Курбанов
      
      Временно исполняющий обязанности
      секретаря Сайрамского районного
      маслихата                                  Б.Зиятаев