Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-55/IV Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 ақпанда N 14-10-79 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-167/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 26-167/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 47-бабының 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі төмендегідей болып бекітілсін:
      1) аудандық білім беру және қаржы бөлімдеріне оқушылардың жолаушылар көлігінде жүруіне жеңілдік беру 2008 жылдан және одан кейінгі оқу жылдары бюджеттік қаржы бөлу тарифтерді есепке алу негізінде және оқушылардың нақтылай тізімі бойынша жүргізілуі ұсынылсын;
      2) аудандық білім беру бөліміне оқушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқына тендер ұтып алған көлік мекемесімен келісім-шарт түзу, бірлесіп бағыттарды, тегін жол жүру құқы берілетін оқушылар санын анықтау жеңілдік алушының (оқушының) аты-жөні, мектеп атауы, жүру бағыты және күшін сақтау мерзімі көрсетілген жеңілдетілген жол билеттерін дайындау ұсынылсын;
      3) аудандық қаржы бөліміне осы мақсаттарға бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде тиісті қаржы жылына бір рет қаңтар айында нақты берілген жеңілдетілген жол билеттері бойынша шығындарды жоспарлап, аудандық мәслихаттың сессиясында қаралуы үшін енгізілу ұсынылсын;
      4) қалалық көліктер қызмет көрсететін ауылдық округтер аумақтарында орналасқан Сайрам ауданының білім беру мекемелерінің тегін тасымалдау бойынша шығындарын Сайрам аудандық білім беру бөліміне жеңілдетілген жол билеті бағасы есебімен ата-аналардың жеке есеп шотына сомасы аудару жолымен жүргізу ұсынылсын.
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 11-133/ІІІ "Ауданның білім беру мекемелерінің оқушыларына жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жүруіне жеңілдік беру шарттары туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 25.01.2005 жылы N 1651 тіркелген, 2005 жылғы 12 ақпанда "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы                            Р. Шадиев
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Тулендиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады