Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 23.06.2014 № 33-213/V шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам ауданы бюджеті есебінен қаржыландырылатын, Сайрам ауданының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:
1) 1-11 сыныптары – ақысыз жол жүру.
2. Сайрам аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-55/IV «Ауданның білім беру мекемелерінің оқушыларына жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жүруіне жеңілдік беру шарттары туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 4 ақпанда № 14-10-79 санымен тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпандағы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы И.Курбанов
Сайрам аудандық мәслихаты хатшысының
міндетін уақытша атқарушы Б.Зиятаев